Қазақстандықтар әлемнің 53 елінде дауыс бере алады

Oinet.kz 15-11-2022 317

Screenshot_1.jpg

Сыртқы істер министрлігі кезектен тыс президент сайлауында Қазақстанның шет елдердегі мекемелері жанындағы сайлау учаскелерінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жалғастырып жатыр.

«Әлемнің 53 еліндегі 68 сайлау учаскесінде 12 мыңнан астам қазақстандық дауыс береді деп күтілуде», деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров баспасөз мәслихаты барысында.

Ол шет елдерде дауыс беру жексенбі, 20 қараша күні елдің жергілікті уақыты бойынша 07:00-ден 20:00-ге дейін өткізілетінін түсіндірді.

«Шетелде дауыс беру процесін уақытылы және толыққанды дайындау үшін Қазақстан азаматтарынан жақын маңдағы сайлау учаскесіне алдын ала хабарласуды және сайлаушылар тізіміне енгізу үшін деректерді ұсынуды сұраймыз», деп қосты А. Смадияров.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Өрт сөндірушілердің ең төменгі жалақысы 180 мың теңгеге дейін өседі
Ел тағдыры сіз бен біздің қолымызда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу