Ордабасылықтар «Amanat aqylman» зияткерлік ойынынан ерекше әсер алды

Oinet.kz 13-12-2022 213

Screenshot_20.jpg

«AMANAT AQYLMAN» интеллектуалды ойынының кезекті іріктеуі Ордабасы ауданында ұйымдастырылды. Зияткерлік сайысқа ауданға қарасты ауылдық округтерден жалпы 10 команда қатысты. 

Білім бәсекесіне әділ қазылық еткен «AMANAT» партиясы Ордабасы аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Әлиасқар Бердімұрат, ауданның Құрметті азаматы әрі партия ардагері Замира Маханова, мәдениет үйінің маманы Біржан Қалыбеков, «Шұбарсу» БПҰ төрағасы Сәрсенбек Қабылбеков, «Жастар Рухы» ЖҚ аудандық филиалының төрағасы Әділет Әбухайыров қатысушыларға сәттілік тіледі. 

Тартысқа толы ойын 4 кезеңнен тұрды. Сайыскерлер облыс және аудан тарихы, партиялық жобалар мен мемлекеттік басқару бағыты, өнер саласына қатысты сауалдарға жауап беріп , логикалық тапсырмаларды орындады. 

«AMANAT AQYLMAN» интеллектуалды ойынының кезекті жүлдегерлері де анықталды. Дода қорытындысына сәйкес 3-орынды құрамында Жеңіс ауыл округінің білім қызметкерлері бар “Жеңіс” командасы иеленді. Ал 2-орын Шұбарсу ауыл округінің білім қызметкерлерінен құралған "IQ up"  тобына бұйырды. 1-орынға Бадам ауыл округінің түрлі сала өкілдері қамтылған “Бадам” командасы қол жеткізіп, финалға жолдама алды. 

Жүлдегерлер мен өзге де командалар дипломдармен марапатталып, арнайы сыйлықтар табысталды. Сайыс соңында қатысушылар осы бағыттағы жобаларды жиірек өткізуді ұсынып, шынайы эмоцияларын жеткізді. Атап өтерлік, жеңімпаз ұжым облыс орталығы Түркістан қаласында өтетін ақтық сайыста ауданның намысын қорғайтын болады. 

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Сохранение тела до похорон
ҚР Парламенті Сенат депутаттарының сайлауы бойынша іс-шаралар тізбесі бекітілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу