"Қазақгейт" және бельгиялық сот төрелігі: Жорж Жилкинеге шығарылған үкім күшінде қалды

Oinet.kz 19-01-2023 656

Бельгияның Кассациялық соты Патох Шодиевке  жала жапқаны үшін Жорж Жилкинеге, Бельгияның Вице премьер- министріне  және федералды көлік  министріне қатысты  шығарылған үкімді күшінде қалдырды.  

Screenshot_1.jpg

Бельгия Жоғарғы сотының шешімі туралы кәсіпкердің қорғаушысы сәрсенбі күні  хабарлады. "Қазақгейт" деп аталатын парламенттік тергеу комиссиясының мүшесі Жорж Жилкине Патох Шодиевті Бельгия азаматтығын заңсыз алды деп айыптап, БАҚ-та мәлімдеме жасады. 

Парламентарийдің негізсіз айыптауларына жауап ретінде Патох Шодиев  сотқа бірнеше рет талап арыз берді. 2019 жылы Намюр (Namur) қаласының  соты Бельгия Парламенті мүшелерінің конституциялық қол сұғылмаушылығын алдыға тарта отырып, Патох Шодиевтің талап арызын кері қайтарды. 

Алайда, 2021 жылдың қаңтарында Патох Шодиев мырзаның қорғауышысы  берген апелляцияны қарағаннан кейін сот өзінің алғашқы шешімін қайта қарап, Жорж Жилкине мырзаның бизнесмен  Патох Шодиевке келтірген моральдық зиянды растады. Сот парламентарийге бір еуро көлеміндегі айыппұл төлеуге үкім шығарды.

Бұл қаулы парламентарийдің сот қарауына жатпаушылық принципінің БАҚ-тағы жарияланымдарына қолданылмайтындығын көрсетеді. 

Патох Шодиев мырзаның адвокаты Паскаль Вандервеереннің айтуынша, Кассациялық соттың бұл шешімі «маңызды және фактілердің үстемдігін көрсетеді».  «Бұл өз шешімдерін заңға сүйене отырып шығаратын бельгиялық сот төрелігінің тәуелсіз және егеменді болып қала беретінін айғақтайды. 

Сонымен қатар заңға деген құрмет барлық азаматтарға, соның ішінде жетекші саясаткерлерге де қатысты екенін көрсетеді", - деп атап өтті Вандервеерен. Ол сондай-ақ саяси пайда үшін үгіт-насихатты бұрмалау және олардың осы іске қатысы резонанс  тудыру  принципін айыптады. 

Әлихан Смайылов "Самұрық-Қазына" директорлар кеңесінің төрағасы болды
«Көзіме шөп салдың»: Шуда күйеуі әйелін аяусыз соққыға жыққан
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу