Әлем чемпионын көшеде өлтірген сәті видеоға түсіп қалған

Oinet.kz 21-02-2023 981

Дағыстанның Дербент қаласында грэплинг пен ММА-ден NFC лигасының президенті 36 жастағы Видади Мардановты атып кетті. Бұл туралы 112 телеграм арнасы хабарлады. 

Screenshot_7.jpg

Грэплинг пен джиу-джитсудан әлемнің бірнеше дүркін чемпионы үйінен таңғы төртте біреумен сөйлесуге есік алдына шыққан, одан кейін өлі табылды. 

Кейін Желіде Мардановты қалай өлтіргенінің видеосы жарияланды. Онда шабуылдаған екі адам Видадиді жерге құлатқаны көрінеді. Кейін төбелеске қатыстылардың бірі аңшы мылтығынан жерге атады, алайда оқ асфальттан тайқып Мардановқа тиеді. 

Қазіргі таңда 27 жастағы күдікті ұсталды. Ал оның қасында болған адам қашып жүр. Тергеу жагн-жал себебін анықтап жатыр. 

Ұлы Дала елі орталығы
Түркістан – тарихи туризм орталығы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу