Тоқаев қазақстандықтарды Домбыра күнімен құттықтады

Oinet.kz 07-07-2019 968

Screenshot_3.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды домбыра күнімен құттықтады.

"Құрметті отандастар! Ең алдымен баршаңызды үлкен, бірегей мерекемен, Ұлттық Домбыра күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл мейрамды ұлттық руханиятқа деген  зор құрмет, баршамызға  ортақ құндылықты ұлықтау деп түсінуіміз керек. 

Тарихта халқымыздың өз салты мен дәстүрінен алшақтап, ажырап қалған сәттері болғаны  жасырын емес. Алайда Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген бастамасының арқасында бүгінде халқымыздың дәстүрлі өнерге деген шынайы ықласы артып келеді", - деді Тоқаев.

Аймағамбетов ұсталған БҒМ қызметкері туралы айтты
Тоқаев: «Шын мәнінде облыс бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу