Азаматтық парызымызды орындайық!

Oinet.kz 06-03-2023 238

Screenshot_6.jpg

Саяси науқан басталғанда үміткерлермен қатар бақылаушылар деген топ атқа қонады.. Сайлаудағы

олардың басты міндеті — сайлаудың әділ, әрі шынайы өтуіне ат салысу; 

Бәріңізге белгілі 2022 жылы өткен ҚР Президенті сайлауында тәуелсіз бақылаушылардан құралған «Baqyla» республикалық қоғамдық қозғалысы құрылды (байқаушылар)... Президент сайлауында еліміздің әрбір өңірін қамтып, жұмыс істеді. 

Алғашқы жауапты сайлауда жинаған тәжірибелерін ҚР Парламенті мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлауда көрсетуге дайын...Қазір әрбір өңір бойынша жауапты өкілдері, топ жетекшілері мен жүздеген бақылаушылары бар..

Еліміздің сайлау процесінің ашық өтуіне үйрететін бұл мектептің болашағы зор болмақ... 

Шырайлы Шымкент қаласында #baqyla ұйымы өз жұмысын жүргізіп, бүкіл сайлау учаскелерін қамтуға ниетті!.. 

Ал, кандидаттар мен сайлау комиссиялары тарапынан бұрмалаушылықтарды көре қалсақ, көз жұмып қалмаспыз! 

Сайлаудың бітуіне аз күе қалды. Күн сайын үйлестірушілерге тапсырма жүктеліп, бақылаушыларға дәріс өткізіліп, дайындық жұмыстары жүргізілуде. 

Біздің ұран - әділдік!

Әділдік пен шынайы өтуді бәріміз бүгіннен өзімізден бастайық! 

Сайлаушылар, өз таңдауларыңызды жасаудан қалмаңыздар! 

Cирия президенті Қазақстанға алғыс айтты
Как правильно пользоваться морозильной камерой
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу