Марат Пашимов басқарма төрағасы болып тағайындалды

Oinet.kz 14-03-2023 955

Марат Пашимов «Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды.

Screenshot_3.jpg

Мұндай шешім «С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ директорлар кеңесінің отырысында қабылданды.

Пашимов Марат Орынбасарұлы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын «Жалпы медицина» мамандығы бойынша, Х.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін «Жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша үздік бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Кардиология орталығында мейіргер, одан кейін Облыстық клиникалық ауруханада анестезиолог-реаниматолог, реанимация бөлімшесінің меңгерушісі болып бастады.

2008-2009 жылдары Телемедицина орталығының меңгерушісі, 2009-2015 жылдар аралығында Облыстық клиникалық ауруханасы бас дәрігерінің ұйымдастыру-әдістемелік жұмысы және төтенше жағдайлар жөніндегі орынбасары, 2015-2017 жылдары Шымкент қалалық №3 емхананың бас дәрігері, 2017-2020 жылдар аралығында Түркістан облыстық клиникалық аурухананың бас дәрігері қызметтерін атқарған.

2020 жылдан осы уақытқа дейін Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасын басқарды.

Жоғары біліктілік санатты дәрігер, медицина ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі.

«7 минут қалды, шыда»: Рудныйда оқушыны әжетханаға жібермеген мұғалім қызметінен кетті
Полицейлер заңсыз балық аулаған тұрғынды ұстады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу