Полицейлер заңсыз балық аулаған тұрғынды ұстады

Oinet.kz 14-03-2023 210

Screenshot_5.jpg

Келес ауданы аумағындағы өзен-суларда табиғат байлықтарын қорғау бағытында жүргізілген шаралар нәтижесінде, полиция қызметкерлері заңсыз балық аулау дерегін анықтады. Белгілі болғандай, Сырдария өзені жағасында жергілікті тұрғын ау-торын пайдаланып, заңсыз балық аулап отырған. Ұсталған ер адамнан айғақты зат ретінде 1 дана мотор, 100 және 120 метрлік 2 тор,  60 дана заңсыз ауланған балық тәркіленіп алынды. Балықтардың жалпы салмағы 70 келіден асады.  

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 335 бабымен "Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз аулау" тіркеліп, қылмыстық іс енгізіліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Табиғатқа залал келтірген тұрғын полицияға  жеткізілді. 

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға заңсыз балық аулап, сондай-ақ Қызыл кітапқа енгізілген жануарлар мен өсімдіктерді жоюдың соңы заң аясында жауапқа тартылуға әкеліп соғатынын ескертеді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Марат Пашимов басқарма төрағасы болып тағайындалды
Тергеу кезінде ізін суытқан күдікті 6 айдан кейін ұсталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу