Полицейлер қызметтік итті пайдалана отырып, екі ауылдастың үйінен есірткі тапты

Oinet.kz 14-03-2023 218

Screenshot_8.jpg

Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері есірткі қылмысының алдын алу, болдырмау бағытында күнделікті рейдтік-профилактикалық шараларды жүзеге асырады. Осындай кезекті тексеру кезінде тәртіп сақшылары, өз үйінде есірткі сақтаған екі бірдей тұрғынды анықтады. 

Нақтырақ айтсақ, Ордабасы аудандық полиция бөлімінің криминалистері қызметтік иттің көмегімен ақпарат бойынша сезікті деп танылған тұрғынның үйіне тінту жүргізді. Нәтижесінде ер адамның үйінен 11 орынға жасырылған 11 дана есірткі орамасы табылды. Зерттеуге ұсынылған зат, жалпы салмағы 130 грамға жуық «кептірілген марихуана» болып шықты. 

Ал екінші тұрғынның үйіне жүргізілген тінту шаралары кезінде, ер адамның үйіндегі  заңмен тыйым салынған ішінде есірткіге ұқсас заты бар 1 дана қағаз орамасы табылды. Ол жалпы салмағы 19 грамға жуық «кептірілген марихуана» болып шықты.  

Аталған жайттар ҚР ҚК-нің 296-бабы 3-бөлігімен «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» тіркеуге алынды. Қазіргі таңда  сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Мас халде көлік басқарған жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалды
Болеуталяющие препараты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу