Мас халде көлік басқарған жүргізушіге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Oinet.kz 14-03-2023 216

Screenshot_7.jpg

Сайрам ауданының учаскелік полиция инспекторлары күнделікті қызмет атқару барысында "ВАЗ" маркалы автокөлікті тоқтатты. Жүргізушінің құжаттарын тексеру кезінде, оның мас күйіне күдіктенген полицейлер, құқық бұзушыны медициналық куәландыруға жеткізді. Қорытындыға сәйкес, автокөлік жүргізушісі мас болудың «орташа дәрежесінде» екені расталды.  Одан бөлек ер адамның 2020 жылы сот шешімімен ҚР ӘҚБтК 608-бабының 1-бөлімі талаптарын бұзғаны үшін 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды.

Іс бойынша құжаттарды жинақтаған полицейлер, жүргізушіге ҚР ҚК-нің 346-бабы «Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру» бойынша іс қозғады. Бүгінгі күні сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп, оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Тергеу кезінде ізін суытқан күдікті 6 айдан кейін ұсталды
Полицейлер қызметтік итті пайдалана отырып, екі ауылдастың үйінен есірткі тапты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу