Нурлан Килишбеков: Әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің мәселелерін көтеру керек

Oinet.kz 14-03-2023 394

Screenshot_6.jpg

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына Түркістан облысының № 26 сайлау округі бойынша кандидат Нурлан Килишбеков БАҚ беттерінде сайлаушыларға өз бағдарламасын түсіндірді. 

Құрметті сайлаушылар!

Біздің басты мақсатымыз – Әділетті Қазақстан құру арқылы мен өзіме бірқатар міндеттер қойдым, оларды ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты ретінде қызмет етіп шешуге бағытталатын болады. 

Қала, аудандардағы  адамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге арналған әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің (медициналық ұйымдарды, балабақшаларды, мектептерді, мәдениет объектілерін, спорт объектілерін) мәселелерін көтеру.

Аудандарда инфрақұрылым мәселелері жиі кездеседі. Медициналық ұйымдардың кейбірінің сапасы сын көтермей тұрғаны анық. Оларға күрделі жөндеу жұмыстары қажет. Бұл ақшаны бюджеттен бөлдіртуге депутаттық сауал жолдап шешуге күш саламын. 

Мәдениет саласында қызмет істейтін азаматтардың әлеуметтік жағдайы да сын көтермейді. Елімізде ең аз жалақы алатындарың бірі - мәдениет саласының қызметкерлері. Осының салдарынан олар бір айлықпен отбасын баға алмай, қосымша жұмыс көздерін іздеп, өз жұмысына салғырт қарап қалатын кездері болады. Мәдениет - салғырттықты кешпейді. Сондықтан да мәдениет саласы қызметкерлеріне барынша жағдай жасауға, жалақысын көтеруге, түрлі әлеуметтік пакеттер қарастыруға сауал жолдайтын боламын. 

Мектептерде түрлі үйірмелер ашып, оқушылармен тығыз жұмыс жасауға, белсенді өмір салтын ұстануды жүйелі түрде қолдау көрсету керек. Спорт мектептерінде де балалар санын арттыру керек. Бүгінгі белсенді балалар - ертеңгі ел болашағы екенін естен шығармау қажет, - дейді Нурлан Килишбеков. 

Өз елінің нағыз патриоты ретінде сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне "нөлдік" төзімділік атмосферасын құруға және оның Қазақстандағы деңгейін төмендетуге, халқымыздың бірлігі мен ынтымағын нығайтуға ұмтылатын боламын, - дейді Нурлан Килишбеков. 

Жарияланым ақысы Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттығына Түркістан облысының № 26 сайлау округінен үміткер кандидат Нурлан Килишбековтың тапсырыс бойынша аумақтық сайлау комиссиямен республикалық бюджет қаржысы есебінен төленді

Нурлан Килишбеков: Көшелерді жөндеп, абаттандырып, атауларын қоюда кемшіліктерге жол бермеу керек
Байкен Әшірбаев: Әлеуметтің әлеуетін арттыруға барынша тырысып бағамын
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу