67 жастағы ер адам келінін пышақтап өлтіріп, денесін бөлшектеген

Oinet.kz 16-03-2023 4444

Түркияда 67 жастағы ер адам келінін өлтіріп, денесін бөлшектегені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі T24 басылымына сілтеме жасап.

Screenshot_2.jpg

Сот 14 наурызда 67 жастағы Фехми Адсызға үкім шығарды.  Ол 30 жастағы қырғызстандық келініне қастық жасады. Зейнеткер келінін пышақтап, содан кейін бензопиламен денесін бөлшектеген. Әйелдің денесінің бөліктері сотталушының көлігінен және үйдегі қоқыс жәшігінен табылды.

Сот зейнеткерді "қасақана кісі өлтіргені" үшін кінәлі деп тауып, оны өмір бойына бас бостандығынан айырды.

Фехми Адсыздың айтуынша, келіні балаларын үнемі ұрып-соғатын. Бұл отбасындағы қақтығыстарға себеп болды.

“Қой, арты жаман болады” деп ескерту жасадым, бірақ ол шектен шықты”, – дейді қаскөй.

2021 жылы 12 қазан күні кешке Адсыз жұбайын немерелерімен серуендеуге жіберген де, өзі келінін пышақтады. Серуеннен оралған жұбайы келіннің өлгенін көріп, полиция шақырды.

Адам өлімі кезінде марқұмның күйеуі жұмыста болған. Ерлі-зайыптылардың екі баласы бар.

Ұлым менен таяқ жеді. Енді оның ісімен тергеушілер айналыссын - Дәулет Тұрлыханов
Шымкенттегі Бәйдібек би-Арғынбеков жолайрығы қашан аяқталады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу