«Неге құтқармадың деп табалап ұрсып жатыр»: Өрт кезінде кереуетке тығылған бүлдіршін көз жұмды

Oinet.kz 17-03-2023 1875

Қарағанды облысы Молодежный ауданы Ақбұлақ ауылында жеке тұрғын үй өртенді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Sputnik Қазақстан ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Screenshot_1.jpg

Оқиға 13 наурызда болған. 3 жасар Данил 58 жастағы әжесімен үйде қалған. Анасы бұл уақытта жұмысқа шығып кеткен.

"Данил менің қасымда ойнап жүрген. Сол кезде кіші қызым маған телефон соғып, сонымен сөйлесіп отыр едім, Данил жүгіріп қашып келді. Қарасам баланың бөлмесі жанып жатыр екен. Мен оны ұстап далаға қарай жүгірейін деп едім, ол жүгірген бойда диванның артына кіріп кетті. Мен оны шығара алмадым. "Данил, шық тез, қашайық" деп қанша айтсам да, ол анамды күтемін, анам келсін деп шықпай қойды", - дейді әжесі Наталья Каримова.

Ауыр диванды қанша жанталасса да әжесі қозғай алмаған. Бұл кезде үйдің төбесіне жапсырылған плиткалар өртеніп Натальяның үстіне құлай бастаған. Сол сәт ол жерге полиция да келеді.

"Қайдан келгенін білмедім, сол кезде полиция келді. Мен оларға баланы құтқару керектігін айтып, ары қарай жанұшыра көршіме жүгірдім. Өрт сөндірушілерге хабарлас деп едім, оның телефоны істемейді екен. Менің білуімше немерем пештен от әкеліп, өзінің жастығына тығып ойнаған", - дейді Наталья Каримова.

Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер баланы аман алып шыққан. Бірақ ысқа тұншығып қалған бүлдіршін ауруханада қайтыс болды. Тілсіз жау 100 шаршы метр жерді жалмаған.

"Маған қазір бәрі "баланы алып шығуға болушы еді, неге құтқармадың оны" деп табалап ұрсып жатыр. Әжесі бола тұрып, мен немеремді ажалға қиямын ба?", - деп еңірегенде етегі жасқа толған Наталья Каримова өзін кінәлі сезінеді.

Полицейлер шетелдік автокөлікті заңдастырып беремін деп, тұрғындарды алдаған алаяқты ұстады
Атырау облысында алты жасар бала каналға батып қаза тапты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу