Полицейлер 72 түп жаңғақ ағашын ұрлаған ер адамды анықтады

Oinet.kz 31-03-2023 341

Screenshot_8.jpg

Түлкібас аудандық полиция бөліміне арызданған жергілікті тұрғын, өзіне тиесілі егістік жерінен егіп қойған 72 түп жаңғақ ағашын ұрлағанын жеткізді. Жәбірленуші ер адамға келтірілген шығын көлемі 150 000 теңге. 

Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы "Ұрлық"  бойынша тіркеді. 

Бұл ұрлық қылмысын ашу бағытында жедел-іздестіру жұмыстары жүргізілді. Тыңғылықты жүргізілген шаралар нәтижесінде, күдіктіге қатысты ақпарат анықталды. Яғни сезікті ер адам көрші ауылдың тұрғыны болып шықты. 

Ол түнгі уақытта жәбірленушінің өсіп тұрған 72 түп жаңғағын қазып алып, өзінің жеке көлігімен әкетеді. Сатып, ақша етемін деген ойы полицейлердің қырағылығы арқасында іске аспады. 

Қазіргі таңда айғақты зат ретінде қолды болған 72 түп жаңғақ тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды. Күдікті ер адам бұрын сотты болған. Қазіргі таңда оған қатысты тергеу амалдары жалғасуда.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Түркістан облысында алғаш рет "ІІО тарихи мұрасын сақтау мен насихаттау" мақсатында семина
Полицейлер қызметтік иттің көмегімен шекарадан есірткі алып өтпек болған шетелдікті ұстады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу