Шымкенттегі автобус апатынан қайтыс болғандар саны 5 адамға жетті

Oinet.kz 10-04-2023 509

Шымкентте 6 адамды автобус қағып кеткен оқиғада көз жұмғандар саны 5 адамға жетті, - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Tengrinews.kz ақпараттық сайтына сілтеме жасап.

Screenshot_10.jpg

Бесінші қайтыс болған адам 2006 жылы туған кәмелетке толмаған бала. Ол клиникалық өлім жағдайында ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оны бірнеше рет қайта тірілтпек болғанымен, нәтиже болмаған.

Тағы бір жәбірленуші 2005 жылы туған қыз. Ол дәрігерлердің қатаң бақылауында. Ол қалалық клиникалық ауруханада жатыр.

Ал, Шымкент қалалық полиция департаментінің айтуынша, қоғамдық көліктің жүргізушісі жұмысын аяқтап, автобусты қалдырып кеткен. Осы сәтте көлік төмен қарай құлдилай жүріп, жылдамдығын арттырған. Кейін жолдың қарсы бағытына шығып, жаяу жүргіншілерді қағып кеткен.

Жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Автобустың жұмысқа жарамдылығын анықтайтын автотехникалық сараптама тағайындалды. Ол 345-баптың 4-бөлігі "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол жүру ережесін бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кінәлі бес жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске салайық, кеше, 8 сәуір кешкі сағат 18:30 шамасында "Метро" сауда үйінің жанындағы екі көшенің қиылысында жүргізушінің басқаруынсыз қалған автобус қарсы бағытқа шығып кетіп, жаяу жүргінші жолағында тұрған 6 адамды қағып кеткен.

«Босанғаннан кейінгі депрессия»: Әйел үш баласын тұншықтырып өлтірген, артынша терезеден секірген
«Қол тежегішіне қойылмаған»: Шымкенттегі жантүршігерлік апаттан соң талапты күшейтпек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу