«Белінен құшақтап, сүйем деген»: 11 жастағы қызға алматылық курьер тиісіп, алып кетпек болған

Oinet.kz 04-09-2023 1378

Алматыдағы ойын-сауық орталықтарының бірінде жасөспірім қызға тиіскен курьердің масқарасы шықты. Ол жасөспірімді белінен құшақтап, оған тиіспек болған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасап.

Screenshot_2.jpg

Келеңсіз жайт жайлы "Не молчи" қоғамдық қоры хабарлады. Белгілі болғандай, анасы жасөспірім қызды сауда орталығына құрбысының туған күні үшін әкелген.

"Қызға курьер келіп, белінен ұстап, мопедте серуендеуге шақырған. Ол басқа орындыққа отырған, ана жігіт тағы да тиісе бастаған. Сосын ол өзі кетіп қалған. Иә, ұятты ештеңе жасамаған. Бірақ, 11 жастағы қызға үлкен ер адам келіп: «Мен сені сүйемін, жүр кеттік менімен бірге» деп тұрса, не дер едіңіз? Жасөспірім анасына хабарласып, жылаған. Анасы осы оқиға жайлы бәріне мәлімдеп, полицияға жүгінген. Ол курьер әлі күнге дейін түк болмағандай жұмыс істеп, балалары бар үйлерге кіріп жүрген шығар. Үй иелері ештеңеден күмәнданбастан оған есіктерін ашып жүр. Ал ол әлі еш жауапкершілікке тартылмай өзінің сұрқия ойларын іске асырып жүрген болар», - деп жазды қор басшысы Дина Таңсәрі.

Аталған оқиға бойынша полиция әлі ресми пікір білдірмеді.

«Мүлдем өзімнің жеке пәтерім жоқ»: Жаңаөзен әкімі жағдайын айтты
Қазақстандық белгілі журналист Түркияда кішкентайымен бірге мерт болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу