«Кемпір болғанда тағады»: Орамалды қызды мектепке кіргізбей қойған

Oinet.kz 15-09-2023 2832

Желіде орамал таққан мектеп оқушысын мектепке кіргізбей қойған видео тарады. Онда қыз баланың жылап қалған сәтін анық көруге болады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_1.jpg

Оқиға № 103 мектепте болған. Бірақ қай өңір екені айтылмаған. Ересектер мектеп формасын киіп, басына ақ орамал таққан оқушының білім мекемесінн кіре алмай жүргенін айтқан. Мектеп әкімшілігі "орамалды оқушы сабаққа кіргізілмейді" деген.

Ал сол жердегі ересектер баланың білім алуына кедергі жасау заңға қайшы әрекет деп видеоға түсірген. Оқушы қыз екі тарапқа бөлініп сөз таластырып, дауласқан ересектер әрекетінен кейін жылап жіберген.

Десе де желі қолданушылары мектеп әкімшілігін жаппай қолдаған. Олар:

«Дұрыс, кемпір болғанда тағасың әлі орамалды», «Басқа балаларды үгіттейді сосын, заң жоқ бізде», «Масқара, мектеп оқушысына салпаңдатып хиджаб кигізіп қойған» деп жазды олар.

Кеңсай зиратынан қару-жарақ табылды
«Жұрт қыдырып жүреді деп күледі»: Ауыл мұғалімдері тасжолда ноутбукпен жұмыс істеуге мәжбүр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу