Кеңсай зиратынан қару-жарақ табылды

Oinet.kz 14-09-2023 509

Алматыдағы зират маңынан қару-жарақ табылды, деп хабарлайды Oinet.kzл тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Screenshot_63.jpg

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаменті №72 мекемесі жедел бөлімінің ақпараты бойынша Алматы қаласы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен бірлесіп өткізілген жедел-іздестіру іс-шарасының нәтижесінде Кеңсай зиратының маңынан ИЖ және ТОЗ екі тегіс ұңғылы мылтық, Урал бір мылтық және патрондар табылды.

"Сондай-ақ аталған мекеме жедел қызметкерлерінің ақпараты бойынша Түрксіб ауданына қарасты аймақтан да тегіс ұңғылы бір мылтық пен патрондар табылды. Аталған фактілер бойынша Медеу және Түрксіб аудандық полиция басқармаларынан жедел-тергеу тобы шақырылып, тіркелген факт бойынша Қылмыстық кодекстің 287-бабы, 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды", – деп хабарлайды Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары ҚАЖД баспасөз қызметі.

Қонақүй жағасында шомылып жүрген әйелді 3 метрлік акула тістеп алды (видео)
«Кемпір болғанда тағады»: Орамалды қызды мектепке кіргізбей қойған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу