Қонақүй жағасында шомылып жүрген әйелді 3 метрлік акула тістеп алды (видео)

Oinet.kz 14-09-2023 967

Мысырдың Дахаб курортында үш метрлік акула қызға шабуыл жасады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Іz.ru басылымына сілтеме жасап.  

Screenshot_1.jpg

Акула мысырлық әйелді қонақүй жағажайында шомылып жатқан кезде иығынан тістеп алған. Ол көп қан жоғалтты. Алайда құтқарушылар оны судан шығарып үлгерді. Қыз ес-түссіз ауруханаға жатқызылды.

Жергілікті қызметкерлер акуланы іздеуді жалғастыруда. Бірақ әзірге ешқандай нәтиже жоқы. Шарм-эль-Шейхтен 100 шақырымдай жерде орналасқан жағажай уақытша жабылды.

Бұл Мысырда үш ай ішінде  акуланың адамға жасалған шабуылдың екінші оқиғасы. 

Айта кетейік, маусым айында ресейлік адам жыртқыштың құрбаны болды. Алайда құтқарушылар оны аман алып қала алмады.

Шымкентте алаяқ ауруханадан қашып кетті
Кеңсай зиратынан қару-жарақ табылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу