Шымкентте алаяқ ауруханадан қашып кетті

Oinet.kz 13-09-2023 419

Шымкент полициясы ауруханадан қашып кеткен алаяқ әйелді іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_17.jpg

1983 жылы туған Феруза Корчиева алаяқтық жолмен өзінің танысын алдап, жалпы сомасы 12 миллион 700 мың теңгені қолды еткен. Ол жәбірленушіге “банкте кепілде тұрған мүлкіңді шығарып беремін” деп сендіріп, ақшаны алған соң хабар-ошарсыз ізін суытқан. 

Қылмыстық іс аса ірі көлемде алаяқтық жасау бабымен тіркелген. 

Алайда әйел тергеу мен соттан бой тасалап жүр. Феруза Корчиева соңғы рет денсаулығының нашарлауына байланысты жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізіліп, сол жерден қашып кеткен. 

- Суретте көрсетілген әйелді көрген-білгендер болса, бірден полицияның 102 арнасына немесе 8-7252-33-98-42, 8-702-757-79-57, 97-60-09 байланыс нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз,-делінген Шымкент қаласы Полиция департаментінің таратқан хабарламасында.

«Етеккірі келді»: 3 жасар қыз баланың анасы балабақшадағы сұмдықты жайып салды (видео)
Қонақүй жағасында шомылып жүрген әйелді 3 метрлік акула тістеп алды (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу