«Мақтан тұтамын»: Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Құранды өртеген адамды ұрған ұлын көрсетті

Oinet.kz 26-09-2023 749

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров ұлы Адам Қадыровтың Құранды өртеді деген айыппен қамауға алынған Никита Журавелді ұрып-соғып жатқан видеосын көрсетіп, ұлының әрекетімен мақтанатынын жеткізді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Screenshot_17.jpg

Рамзан Қадыров өзіне көпшіліктен келіп жатқан ұлы туралы сауалға жауап беріп, шынымен құранды өртеген адамды ұрғанын растады. Видеода Адамның Журавелді кем дегенде үш рет тепкілеп, содан кейін еденге лақтырып, ұрып-соққаны анық байқалады. 

"Ол ұрып дұрыс жасады. Оның үстіне, кез келген Қасиетті жазбаға қол сұғып, оны өртеп, сол арқылы біздің ұлы еліміздің ондаған миллион азаматтарын ренжіткендер, ауыр жазаға тартылуы керек деп есептеймін", - деді саясаткер. 

Қадыров елде Путин қол қойған Қасиетті Жазбалар мен азаматтардың діни құндылықтарын қорғайтын заң бар екенін еске салды. Ол арандатушыларды "Ресейдегі бейбітшілік пен түсіністікте өмір сүргенді қаламайтын арам пиғылды адамдар” деп атады.

"Мұндай арандатушылар мен сатқындар денедегі ауру ісік сияқты. Оны дер кезінде алып тастау керек. Асыра айтпай-ақ, иә, мен Адамның әрекетін мақтан тұтамын. Ол әрқашан өз қатарластары арасында емес, үлкендердің арасында өсуге ұмтылуымен ерекшеленді. Соның арқасында ар-намыс, абырой және дінін қорғау туралы ересек идеалдарды қалыптастырды. Мен оның таңдауын құрметтеймін”, – деді Рамзан Қадыров.

Әлеуметтік желіде 19 мамыр күні кешке Волгоградтың Поворинская көшесіндегі Собор мешітінде 19 жастағы Журавелдің Құранды өртеп жатқаны түсірілген видео тарады. Ресейдің Тергеу комитеті осы елдің Қылмыстық кодексінің 148-бабы ("Қоғамды ашық түрде құрметтемеуді білдіретін және дінге сенушілердің діни сезімін қорлау мақсатында жасалған жария әрекеттер") бойынша қылмыстық іс қозғады.

«Мәйітін спорттық сөмкеге салып, әжетханаға лақтырып жіберген»: Семейдегі 4 жасар баланың өлімі
«Ұсқынсыз, мал қазақ»: Аялдамада анасы мен баласы қарияны балағаттап, қол көтерген (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу