Атырауда қайғылы оқиғадан ер адам көз жұмды

Oinet.kz 20-02-2024 210

Атырау қаласындағы Жерұйық мөлтекауданында орналасқан жеке  тұрғын үйлердің бірінен 19 ақпан сағат 17:58-де түтін шыққаны туралы шақырту түскен, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Screenshot_6.jpg

Өрт сөндіру бөлімшесі шақырту орнына жеткен кезде қос қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы бөлмелердің бірі ашық отпен жанып жатқанын анықтады. 

Өрт сөндірушілер барлау жұмыстары барысында 1954 жылы туған ер адамның денесін шығарды. Олардың жедел қимылы нәтижесінде "тілсіз жаудың" басқа бөлмелерге таралып кетпеуіне жол берілмеді.

"Қызыл жалын сағат 18:47-де ауыздықталды. Оның шығу себебі анықталуда", - делінген хабарламада7

Өртті сөндіруге облыстық төтенше жағдайлар департаментінің 18 қызметкері мен төрт техникасы жұмылдырылды.

«Әкесі телефонын алып қойған»: Түркістан облысында жасөспірім көпірден секіріп кетпек болған (видео)
«Бауырларыңды көрмейсің»: Ұлытау облысында 3 баланы тасбауыр әйел 5 жыл бойы құлдықта ұстаған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу