«Ешкімді қасақана өлтірмедім»: Нүкенованың өліміне қатысты Бишімбаевтың соты өтті

Oinet.kz 28-03-2024 336

Келесі сот отырысы 29 наурыз күні таңғы сағат 10-да басталатыны хабарланды. Астанада әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталып жатқан бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев ісі бойынша басты сот отырысы өтті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі KYN.kz порталына сілтеме жасап.

Screenshot_11.jpg

Сот отырысы елорданың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ашық режимде өтті. Онлайн-трансляцияны кез келген адам көре алады. Айыпталушының ісін бүгін таңдалған 12 адамнан тұратын алқабилер алқасы қарайды. Оның 10-ы негізгі, екеуі қосалқы. Олар 300 үміткердің арасынан таңдалған.

Істі түсініп, кеңесу бөлмесіндегі алқабилер үш негізгі сұраққа жауап беруі керек:

әрекеттің болғаны дәлелденді ме?;

жауапкердің бұл әрекетті жасағаны дәлелденді ме?;

сотталушы бұл әрекетті жасауға кінәлі ме?.

Сот отырысында соттың тағылған айыппен келісесіз бе деген сұрағына «мойындамаймын» деп жауап берді:

- Менің айтарым бар, осы кезге дейін өз оқиғамды айтуға мүмкіндік болмады. Тергеу кезінде де – ешқайда, мүлдем. Қазір прокурор оқыған айыптың көбісі ойдан шығарылған. Ешқандай дәлел де, куәгер де жоқ. Сондықтан қайталап айтамын, 110-бап бойынша мен ондай қылмыс жасамадым. Мен бұл кінәні мойындамаймын.

Келесі сот отырысы 29 наурыз күні таңғы сағат 10-да басталатыны хабарланды. Сондай-ақ сәуәр айының 1-і, 3-і, 4-інде де сот отырысы болатыны айтылды.

Айта кетейік, 11 наурызда Астана сотында бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты атышулы іс бойынша алдын ала тыңдауы бірінші күні өтті. 12 наурыз күні сот отырысы жалғасты.

Айта кетейік, экс-министрге Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі, 5-тармақ (кісі өлтіру, басқа адамға қасақана қасақана өлім жасау, ерекше қатыгездікпен), сондай-ақ 110-бабы 2-бөлігі, 1-тармағы (жүйелі түрде ұрып-соғу жолымен немесе өзге де зорлық-зомбылықпен физикалық және психикалық азап шектіру) бойынша айып тағылған.

Ваш путеводитель по миру киберспорта
Салтанат Нүкенова мен ағасының арасында болған хат алмасудың мәтіні жарияланды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу