«Азық-түлік өте қымбат»: Сауда министрі халыққа көбірек жұмыс істеуге кеңес берді

Oinet.kz 21-05-2024 334

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев қазақстандықтарға азық-түліктің бағасы жоғары екенін айта бермей, көп жұмыс істеп, табысты арттыруға кеңес берді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Screenshot_4.jpg

Үкіметтің баспасөз орталығында журналист елімізде азық-түлік өте қымбат екенін меңзеп, министрге "қазақстандықтар қашан табысының жартысынан көбін азық-түлікке жұмсауды қояды?" деп сауал жолдады.

Арман Шаққалиев халыққа көбірек жұмыс істеуге кеңес берді.

"Не бойтесь больших расходов, бойтесь маленьких доходов" деген сөз бар. Cондықтан сіз көбірек ақша тауып, көбірек (өнім - еск.) өндіруіңіз керек. Азық-түлік себеті мен тұтыну тауарларына тоқталайын. Баға өзгеріп отырады. Өзімізді тауармен қамтамасыз ететін жерде бәсекелестіктің деңгейі жоғары жәна нарықтық деңгейде болады. Сондықтан болжам жасай алмаймыз. Сізге 1,5 жылдан кейін 54 тауар позициясының қалай өзгеретінін айта алмаймын.

Адам өз қажеттілігін толық қанағаттандыра алатын жағдайда әртүрлі себет (тағамдар - еск.) пен есептеу бар. Мұндай мәселеде кірісті арттыру үшін өндірісті ұлғайту керек", - деді министр.

Алғаш рет «Аuezov school cup» республикалық пікірсайыс турнирі өтті
Элиталы жезөкшелердің жұмысын ұйымдастырған атышулы «Айка» сотталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу