25 жастағы қазақ қызы Германиядағы Mercedes-Benz компаниясына қалай жұмысқа тұрғанын айтып берді

Oinet.kz 04-07-2024 971

Германияда Mercedes-Benz компаниясында 25 жастағы қазақ қызы жұмыс істейды. Шымкент қаласының тумасы Айшабибі Әшір көлік саласындағы әлемдегі ең ірі компанияда электромашиналардың баттареяларына зерттеу жасайтын маман. Ару Stan.kz тілшісіне Германияға көшуі мен ірі компанияға қалай жұмысқа тұрғаны туралы айтып берген, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_5.jpg

“Астананың суығынан жылы жаққа кеткім келді”

Айшабибі 2021 жылы мектеп бітірген соң Астана қаласындағы Назарбаев Университетіне оқуға түскен. Ару Астананың суығынан жылы жаққа көшуді қалағанын айтады. Ал 2-курстан бастап магистратураны Еуропада оқуды армандаған. 

“Кейін бакалавриатта оқып жүрсем де Испания мен Италия туралы көп ақпарат іздей бастадым. Университтердің әлемдік рейтингіне қарап, Болоньяға таңдауым түсті. Европада оқу үшін ең бастысы ағылшын тілін білу қажет. Одан бөлек мектеп пен бакалавриаттағы бағаларыңыз орташа деңгейде болса жеткілікті. Ielts тапсырып, қажет құжатты дұрыс жинасаңыз болғаны, мүмкіндік мол. Мен оқуға түскенім туралы ақпаратты құжат тапсырғаннан кейін 2-3 апта ішінде білдім”, – деді Айшабибі.

Ару осы тұста отбасының да шетелде оқуына қолдау көрсеткенін тілге тиек етті. Ару алдымен Италияда білім алып, түрлі компаниялардан тәжірибеден өткен екен. 

“Осылайша химиялық инженер мамандығында оқыдым. Магистратураның бірінші курсы кезінде бізде әр түрлі индустриядағы тұрақтылық (sustainability) жайлы лекциялар болды. Сол уақытта профессор менің автоиндустрияға қызығушылығымды байқады. 2022жылдың жазында университетіміз Ferrari, Lamborghini, Ducati компанияларымен коллаборация жасап, инженерлерге арналған жазғы мектеп болатыны туралы хабарлады. Алайда мұнда тек ең мықты 40 адам ғана іріктеліп алынатын еді”, – деп қосты бойжеткен. 

Айшабибі өзгелерден қалыспай өтініш білдірген. Нәтижесінде бағаларына түйіндемесі мен сұхбаттасуы арқылы өзін жақсы  жағынан көрсетіп үздіктер қатарынан бір-ақ шыққан.

“Содан кейін 3 апта тегін үлкен сарайдай ғимаратта тұрдық. Аталған әлемдік компаниялардың инженерлері лекция жүргізіп, тәжірибе барысында алған білімді қолданып көрдік. Сол уақытта химик инженер ретінде маған электромашиналар мен баттареялар туралы тақырып қызық болды”, – деді ол.

“Mercedes компаниясынан жұмысқа шақырту бір аптадан соң келді”

Ару жазғы мектеп біткен соң универстетінен диссертацияға бағдар беретін профессор тауып, соның лабороториясында 6 ай тәжірибеден өткен. Осылайша диссертациясын сәтті қорғап, тағы 6 ай жұмыс жасаған. Кейін көлік баттареяларын зерттеуде неміс компаниялары қатты дамып жатқанын байқап, Германияға көшу туралы шешім қабылдаған.

“Германияға көшемін деп шешкен кезімде, осы жерде орналасқан әр түрлі автокомпанияларның сайттарын қарап, өзіме сәйкес келген позицияларға түйіндемемді жібере бастадым. Әр үлкен компанияның мансап сайттары болады (career website). Сол жерде ұнаған жұмысыңызға өтініш тастап, сұрақтары бар болса жауап бересіздер. Одан кейін көп ұзамай жауап келіп, өтіп өтпегеніңізді айтады. Өтсеңіз әңгімелесуге шақырады. Маған Mercedes компаниясынан интервьюге әңгімелесуге шақыру бір апта ішінде келді. Бірінші сөйлесуіміз бір сағат уақытқа созылды. Техниқалық бағыттағы сұхбаттасу болғандықтан жұмысқа байланысты түрлі сұрақтар болдды. Бұдан соң араға үш күн салып екінші сұхбаттасуға шақырту келді. Ол 40минутқа созылып, жеке мансап пен компанияға қызығушылық туралы сауалдар жолданды. Осылайша бір аптадан соң жұмысқа шақыру келді”, – деп баяндады бойжеткен. 

Айшабибі қазір Mercedes компаниясында “Phd in battery development engineering” позициясында жұмыс істейді.

“Яғни мен мұнда жұмыс істеп жүріп, бір уақытта доктарантураны да бітіремін. Доктарантураның жақсы жері осы –  уақытты толық Mercedes компаниясында өткізіп, жылына тек бір рет университетке профессормен кездесуге барамын. Менің міндетім зерттеулер мен әзірлемелер департаментінде, Mercedes-тің литті ионды баттареяларын жақсарту”, – деп түсіндірді ару. 

Screenshot_4.jpg

“Баға емес, тіл мен тәжірибе керек”

Айшабибі Германияға келгенде де үйренісу оңай болмағанын алға тартты. Айтуынша мұнда адамдар Еуропаның басқа елдеріндегідей жылы эмоциямен қарсы алмайды. 

“Италияда тұрған 3 жылымда күлімсіреп жүрген адамдарға үйреніп қалыппын. Ал Германияда ондай болмады. Адамдар эмоцияларын көрсете бермейді. Италияда барлық жерден дәмді тамақтануға болады. Ал Германияда тамақтары дәмді жерді табу қиынырақ. Ол үшін алдымен адамдардан сұрап, тамақтанатын орындардың бағалауларына қарап жақсы жер таңдау қажет. Тағы бір қиын тұсы басында бюррократия болды. Себебі Германияда жұмыс жасау үшін виза алу қажет”, – деді Айшабибі. 

Ару болашақта елге оралу туралы жоспары бар екенін де қоса кетті. Ал көпшілікке ең бастысы алға ұмтылуға кеңес берді. 

“Келешекте алған тәжірибемді өз еліме әкеліп, елімізді ғылым және индустрия жағынан дамытқым келеді. Ал өзгелерге айтарым ең бірінші тіл білу өте қажет. R&d инженер болғаным үшін Mercedes компаниясында маған неміс тілі қажет болмады. Бірақ ағылшын тілін білу өте маңызды. Әрине егер мансапты өсіріп, одан әрі даму туралы ойласаңыз қай елдің компаниясында жұмыс істесеңіз, сол елдің тілін білген жөн. Кейін шетелде оқып жүрген студенттерге айтарым жұмысқа орналасуда бағаға қарағанда, тәжірибе маңыздырақ. Түйіндемені дұрыс құрастырып, әңгімелесуге жақсылап дайындалса, болғаны. Бастысы өзің қалағанда жолда сенімді болыңыздар”, – деп қорытты Айшабибі. 

Желіде Астанада өткен ШЫҰ саммитіне келген қонақтарға ұсынылған ас мәзірі пайда болды
Внедрение мобильной АТС: Пошаговое руководство
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу