Түркістанда әйел бірге тұрған адамды пышақтап өлтірген

Oinet.kz 03-11-2024 947

Түркістанда әйел бірге тұрған адамды пышақтап өлтірген. Жанжал екеуі ішімдік ішіп отырған кезде туындаған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_1.jpg

Төтенше жағдай кеше Түркістандағы жеке сектордағы үйлердің бірінде болды. Онда 48 жастағы әйел 52 жастағы серіктесін пышақтап өлтірген. Олар бірге ішімдік ішкен.

Ер адам алған жарақатынан сол жерде көз жұмды. Ол қаладағы коммуналдық кәсіпорындардың бірінің қызметкері болған. Алайда әйел жұмыс істемеген. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында, сот күнін күтіп отыр.

Жамбыл облысында екі ағасы қарындасын зорлаған: Іске қатысты тың деректер шықты
Желіде мектеп директорының оқушыларды ұрып жатқан видеосы тарады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу