«Жіпке қысылып қалуы мүмкін»: Жекеменшік бөбекжайда 7 айлық сәби көз жұмды

Oinet.kz 05-06-2025 316

Атыраудағы жекеменшік балабақшалардың бірінде 7 айлық сәби көз жұмды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Almaty.tv арнасына сілтеме жасап.

Screenshot_12.jpg

Нәрестенің анасы баласының өліміне бөбекжай қызметкерлерін кінәлап отыр.

Гүлзия Бекболат 7 айлық ұлынан былтыр қазанда айырылып қалды. Гүлзияның айтуынша, бесікте жатқан баласының көзі айналып, денесі суықтай бастаған сәтте бөбекжай қызметкерлері бірден хабарласып, ұлын емханаға апарған екен. Дәрігерлер шұғыл көмек көрсеткен. Бірақ сәбиді аман алып қалу мүмкін болмаған. Келіншектің айтуынша, 7 айлық баласы бұған дейін мүлде сырқаттанбаған.

«Балам балабақшада бесікте жатып қайтты. Сағат 16:00 шамасында бөлеген, бір сағаттан соң қараса, баламның көзі айналып, денесі салқындап кеткен. Реаниматологтың айтуы бойынша баланы бесіктен шешкен, соңғы демі біткен соң жүріп кеткен. Балам жіпке қысылып қалуы мүмкін. Экспертиза бронхы пневмония деп берді. Келіспеймін. Әркім өз жазасын алсын. Іс сотқа жеткенін қалаймын. Істі қысқартып тастады», – деді сәбидің анасы.

Әділдік іздеген ана балабақшаның жабылуын қалайды. Ол балабақшаның заңсыз жұмыс істеп жатқанын айтты. Бөбекжай өкілдері жекеменшік үйде баланы бағуға келіскендерін мойындады. Әрі лицензиясыз жұмыс істегендерін де растады. Ал облыстағы жауапты басқарма мекеме туралы білмеген. Бірақ балабақшадағылар сәбидің әу баста ауру болғанын айтты.

«Төрт күн бойы еркінен тыс...»: Қарағандыда 15 жасар қызды 38-дегі ер адамға күштен тұрмысқа берген
«Мен тек аман қалуға тырыстым»: Алматыда түнгі клуб басшысы қол астындағы жігітті зорлаған (ВИДЕО)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу