20 жылдық кездесуге барып, күйеуінің қолынан қаза тапқан әйел туралы айтқан блогер ұсталды (ВИДЕО)

Oinet.kz 06-06-2025 344

Қырғызстандық блогер Айбек Уланов әлеуметтік желіде отбасылық зорлық-зомбылық құрбаны болған әйел туралы мәлімдемелерінен кейін өшпенділік тудырды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Азаттық Радиосына сілтеме жасап. 

Screenshot_6.jpg

Threads платформасында Уланов "20 жылдық кездесуде әйелің сыныптасымен жатып қойса, сен не істер едің?" деген жазба жариялады. Оған сурет те бекітіпті. Суретте адам жуырда сыныптастар кездесуінен кейін күйеуінің қолынан қаза тапқан Айзирек Эралиеваға ұқсайды.

Блогердің жазбасы желіде ғана емес, қоғамда да адамдардың ашуын тудырды. Қарапайым азаматтар да, елдегі танымал тұлғалар да отбасылық зорлық-зомбылық құрбанын қорлағаны үшін блогерді жауапкершілікке тартуды талап етті. Threads желісіндегі жазба өшірілді, алайда қолданушылар скрин жасағандықтан,ол интернетте тарап кетті.

Болған жағдайдан кейін милиция блогерді ұстап, бөлімшеге жеткізді. Кейіннен Айбек Улановтың кешірім сұраған видеосы жарияланды. Ол адамдардың өзін "дұрыс түсінбегенін", сұрақтың "болжамды" сұрақ болғанын айтып ақталды. Сондай-ақ мәтін мен астындағы иллюстрацияны байланыстыруға келмейтінін айтып, Айзирек Эралиеваның туыстарынан кешірім сұрады.

Жанжал өрши түскен сәтте отбасылық зорлық-зомбылық құрбандарын қорғауға маманданған адвокат Шердор Абдыкапаров әлеуметтік желіде Айбек Улановты жауапкершілікке тартуды талап еткен ұжымдық арыздың мәтінін жазғанын айтты. Ол қоғам белсенділерін бұл бастамаға қолдау көрсетуге шақырды. Арыздың бір тармағында Улановқа қатысты өшпенділік қоздыру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғау талабымен милицияға жүгіну көзделген.

4 маусымда Айбек Улановтың қайта ұсталғаны белгілі болды. Оған қатысты Қырғыз Республикасы қылмыстық кодексінің 330-бабы (Ұлтаралық, этникалық, ұлттық, діни немесе өңіраралық араздықты қоздыру) бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша ең жоғары жаза — 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру. Алайда 100 мыңнан 200 мың сомға дейін айыппұлмен шектелу де мүмкін (шамамен 583 мың – 1 миллион 166 мың теңге).

Бішкек милициясының мәліметінше, блогер алғаш ұсталып, қалалық  Ішкі істер бас басқармасына жеткізілгеннен кейін де жағдайды ушықтыруын жалғастырғаны үшін қайта ұсталған. Сондай-ақ күдіктінің бауыры да адвокат Абдыкапаровқа қоқан-лоқы көрсеткені үшін милицияға жеткізілді.

«Жасыратын ештеңеміз жоқ»: Айтбек Амангелді Шерзат соты аяқталғанша көрсете алмаған құжаттарды жария
Жамбылда 40 жолаушы мінген автобус толықтай өртеніп кетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу