«Әкесі мен қызы»: Петропавлда төрт адам тірідей жанып кетті

Oinet.kz 06-06-2025 94

Петропавлда екі көлік соқтығысып, төрт адам тірідей жанып кетті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_11.jpg

Оқиға 5 маусым күні кешкі сағат жетілер шамасында болған.

ГАЗель мен Mercedes соқтығысып, төрт адам тірідей жанып кеткен. Қаза тапқандардың арасында жеті жасар қыз да бар. Жол апатынан тағы екі адам зардап шеккен.

32 және 39 жастағы екі адам көпбейінді қалалық ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендердің бірі жансақтау бөлімінде болса, екіншісі травматология бөлімшесінде ем қабылдап жатыр.

Маңғыстау облысындағы шахтада апат болды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу