Астанада ыстыққа шыдамаған көлік өртеніп кетті
Желіде аптап ыстықтан көлік өртеніп кеткені туралы видео пайда болды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Видеода қолында шелек ұстаған ер адамның жанып жатқан Volkswagen Polo көлігіне қарай жүгіргенін көруге болады.
Астаналықтар +32°C ауа температурасынан көлік өртеніп кеткенін көрді.
Астана төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өрт Есіл ауданы, Дінмұхамед Қонаев көшесінде болғанын растады. Ресми мәлімет бойынша, көліктің қозғалтқышы бірінші өртенген. Өрт сөндірушілер келгенше жалын сөндірілді, ешкім зардап шеккен жоқ.
"Өрттің нақты себептері әлі анықталып жатыр", – деп хабарлады төтенше жағдайлар департаменті.