Каспийді сақтауға 1,1 млрд теңге бөлінді

Oinet.kz 24-02-2026

Каспий теңізінің болашағы үшін Үкімет 1,1 млрд теңге бөлді. Қаражат теңіздегі процестерді ғылыми бақылауға жұмсалады, деп жазады  Оinet.kz.

image.png

Қаражат Президенттің Каспийді кешенді зерттеу, сақтау және өңірдің экологиялық тұрақтылығын қолдау жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде «Каспий теңізі Қазақ ғылыми-зерттеу институты» АҚ-ға бағытталды. Қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.

Бөлінген қаржы институттың ғылыми әлеуетін арттыруға жұмсалады. Оның ішінде теңізде мониторинг жүргізуге қажетті негізгі жабдықтарды сатып алу, гидробиологиялық және гидрохимиялық зертханаларды жарақтандыру қарастырылған. Бұл Қазақстан секторындағы теңіз процесстерін ғылыми негізделген деректермен бақылауға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда ҒЗИ халықаралық ғылыми қоғамдастыққа белсенді интеграцияланып, Каспий маңы елдерінің университеттері мен ғылыми-зерттеу орталықтарының қауымдастығына кірген. Бұл зерттеу институтының тиімді ғылыми шаралар әзірлеуіне және өңірлік экологияны сақтау бағытындағы жұмыстарды нығайтуға септігін тигізеді.

Қаулыны орындау үшін Экология және табиғи ресурстар министрлігі барлық қажетті шараларды қабылдауға, ал Қаржы министрлігі бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын қатаң бақылауға міндеттелді.

Астана маңынан 2035 жылға дейін жер телімі берілмейді
БҚО-да қыз зорлау айыбымен ұсталған шенеунікті қайта босатып жіберген
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу