БҚО-да қыз зорлау айыбымен ұсталған шенеунікті қайта босатып жіберген

Oinet.kz 24-02-2026

Батыс Қазақстан облысында жергілікті әкімдіктің жоғары лауазымды қызметкеріне кәмелетке толмаған қызды зорлады деген  айып  тағылды. Арызды қыздың әкесі түсірген, деп хабарлайды Оinet.kz.

image.png

БҚО полиция департаменті мәліметінше, 2 қаңтарда полицияға 16 жасар қызға қатысты құқық бұзушылық туралы хабарлама түскен. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полиция хабарламасында: «Тергеу барысында күдіктінің қызбен жазысуы мен басқа да фактілер анықталды. Дегенмен, ресми тергеу кезінде зорлық фактісі расталмады. Сондай-ақ, зардап шеккен қыз бен оның анасы күдіктіден ешқандай талап қоймайтындарын айтып, қарым-қатынастың екі жақты сипатта болғанын жеткізді», – делінген.

Күдікті аймақтық әкімдіктің бөлімінде қызмет атқарған және арыз түскеннен кейін жұмыстан босатылған. Аудандық полиция бөлімінде тергеу әрекеттері жүргізілуде.  Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің қалған деректері жария етілмейді.  Іс қазір полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Еске сала кетейік, бұған дейін  әкесінің айтуынша, күдікті 2 қаңтарда қызды өз үйіне алдап шақырып, азғындық әрекетін жасаған. Арыздан кейін ол уақытша ұсталған, бірақ кейін босатылған. Қылмыстық іс ҚР ҚК 120-бабы 3-1 бөлімі 1 тармағы («Кәмелетке толмағанға қатысты зорлық») бойынша қозғалды, тергеу жалғасуда. Ал күдіктіні қамауға алу мәселесі тергеу аяқталған соң шешілетін болады.

Каспийді сақтауға 1,1 млрд теңге бөлінді
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу