«Өзара келісіммен болды»: Зорлау айыбы тағылған шенеунікке қатысты тың дерек

Oinet.kz 24-02-2026

Батыс Қазақстан облысында зорлау күдігімен тергелген 57 жастағы шенеунікке қатысты істе жаңа ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_1.png

Бұған дейін жасөспірім қыздың әкесі ер адам кәмелетке толмаған қызын алдап үйіне шақырып, зорлағанын мәлімдеген. Полиция Қылмыстық кодекстің 120-бабы 3-бөлігі («Зорлау») бойынша қылмыстық іс қозғаған еді.

Алайда қазір қыздың өзі мен анасы күдіктіге қатысты шағымдары жоқ екенін айтқан. Полиция өкілдерінің хабарлауынша, хат алмасулар мен өзге материалдарды тексеру барысында зорлық белгілері анықталмаған. Қыз бен анасы «қарым-қатынас өзара келісіммен болды» деген түсініктеме берген.

Күдікті Шыңғырлау ауданы әкімдігінің бір бөлімінде жұмыс істеген. Арыз түскеннен кейін ол қызметінен босатылған.

Ал қыздың әкесі бастапқы мәлімдемесінен бас тартпағанын айтып, мемлекеттік қызметкердің жауапқа тартылуын талап етіп отыр.

«Мен арызымнан бас тартқан жоқпын. Қызымның бетіне қалай қараймын? Менің тағы төрт жастағы қызым бар. Ертең дәл осындай жағдай қайталанса, ал кінәлі адам жазасыз қалса, не болады?» — деді ол жергілікті басылымға берген сұхбатында.

Павлодарда үш жасар қыз абайсызда көзіне қайшы тығып алған
Бурабайда қар көлігі ағашқа соғылып, комаға түскен қыз көз жұмды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу