Инклюзия – әділетті қоғамның айнасы

Oinet.kz 30-03-2026

     Қоғамның дамуы тек экономикалық көрсеткіштермен емес, оның адамгершілік деңгейімен де өлшенеді. Осы тұрғыда инклюзивті қоғам құру – әрбір азаматтың толыққанды өмір сүруіне жағдай жасайтын маңызды бағыт. Инклюзия – ерекше қажеттілігі бар адамдарды қолдаумен қатар, барлық азаматқа тең мүмкіндік беретін орта қалыптастыруды көздейді.

image.png

      Инклюзивті қоғамда әр адамның құқығы мен қадір-қасиеті тең мойындалады. Мұндай ортада мүмкіндігі шектеулі жандар тек көмек алушы емес, қоғамның белсенді мүшесі ретінде қарастырылады.

     Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің дерегінше, Қазақстанда шамамен 740 мың адам, яғни халықтың 3,6 пайызы ерекше қажеттіліктері бар азаматтар.

     Инклюзияны дамытудағы басты кедергілердің бірі – қоғамдағы стереотиптер. Ерекше қажеттілігі бар адамдарға аяушылықпен қарау олардың әлеуетін толық ашуға мүмкіндік бермейді. Сондықтан құрмет пен тең серіктестікке негізделген көзқарас қалыптастыру қажет.

      Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев спорт саласында да мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай жасау керектігін және бұл бағытта елімізде ауқымды жұмыстардың атқарылып жатқанын айтады. «Инклюзивті қоғамды дамыту мәселелері – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп отырған саясаттың басым бағыттарының бірі. Білім беру, спорт және әлеуметтік салада инклюзияны қолдау қағидаты – әрбір азаматқа өз әлеуетін толық жүзеге асыруға мүмкіндік беретін Әділетті Қазақстан құру стратегиясының ажырамас бөлігі. Осы орайда мүмкіндігі шектеулі жандар арасында инклюзивті спорт пен дене шынықтыру идеологиясын белсенді дәріптеу – Мемлекет басшысы жүктеген маңызды міндеттердің бірі. Сондықтан бәріміз бірлесіп, қолға алынған жұмысты жүйелі түрде жалғастырып, нақты нәтижелерге қол жеткізуіміз қажет», – дейді Мәулен Әшімбаев.

      Расында да елімізде инклюзивті спорт бағытында оң динамика байқалады. Мамандардың дерегінше қазір республика бойынша 16 клуб пен 2 мамандандырылған спорт мектебі жұмыс істейді, онда 8 мыңға жуық ерекше қажеттілігі бар спортшының  жаттығып жүргені көңіл қуантады. 

Енді елімізде бет-жүзін тұмшалап жүргендерге айыппұл салынады
Қаржылық тұрақтылыққа апарар жол - білім мен жүйелі даму
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу