Вице-президент Құрылтай жасақталған соң сайланады - Әшімбаев
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев вице-президент Құрылтай жасақталып болған соң сайланатынын айтты.

Әшімбаевтың айтуынша, Қазақстанның вице-президенті қызметіне кімнің тағайындалатыны әзірге белгісіз. Бұл мәселе тек президенттің құзыретінде дейді.
“Бұл жалпыхалықтық референдумда қабылданған Конституциямен реттеледі. Қандай шешім қабылдайтынын мемлекет басшысының өзі айқындайды, бұл оның құзыретіндегі мәселе. Құрылтайдың құрамы жасақталған соң президент тиісті шешім қабылдайды”, –деді Әшімбаев.


