Атырау қалалық полиция басшысы қамауға алынды

Oinet.kz 16-04-2026

Атырау қалалық полиция басқармасының бұрынғы басшысы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Screenshot_2.jpg

Басылымның мәліметінше, Бақтыбек Исаев ұсталып, уақытша ұстау изоляторына жеткізілген. Алдағы күндері тергеу соты оған бұлтартпау шарасын анықтайды.

Сонымен қатар облыстық есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы Әлішер Нұршаев пен полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасының басшысы Саламат Қалиевке қатысты да бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі қарастырылуда.

Айта кетейік, бұған дейін ішкі істер министрлігі тексеріс нәтижесінде Атырау облысы полициясының төрт басшысы бірден қызметінен шеттетілгенін растады. Министрліктің ресми нұсқасына сәйкес, бұл жағдай "қызметтік-әскери тәртіптің өрескел бұзылуы, тиісті бақылаудың және жұмысты ұйымдастырудың болмауы" деп түсіндірілді.

Алайда БАҚ-та тексерудің қылмыстық істер бойынша заттай дәлелдеме ретінде тіркелген есірткі заттарына қатысты іс бойынша жүргізіліп жатқаны туралы ақпарат тарады.

Вице-президент Құрылтай жасақталған соң сайланады - Әшімбаев
Шымкенттегі алма бақтарына қатысты қитұрқы схема: іс сотқа жетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу