Жамбыл облысында арнайы жасақ инспекторы өз-өзіне оқ атқан

Oinet.kz 29-05-2026

Әлеуметтік желіде Жамбыл облысында жылдам қимылдайтын арнайы жасақ инспекторы өз-өзіне оқ атқаны туралы ақпарат тарады. Өңірдің Полиция департаменті өкілі осы жайтқа қатысты пікір білдірді.

Screenshot_12.jpg

Желіде тараған ақпаратқа сүйенсек, оқиға Қордай аудандық полиция бөлімінде болған. 1995 жылы туған инспектор казарма дәлізінде табельдік қарудан өзіне оқ атқан. Дәрігерлер ауыр хәлдегі инспекторды орталық аудандық ауруханаға жедел жеткізген. Алайда ер адам есін жимастан көз жұмған.

Жамбыл облысы Полиция департаменті бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Қызметтік тексеріс тағайындалған.

Марқұмардың қызына жасалған алғашқы психиатриялық сараптама қорытындысы шықты
Шымкентте құмар ойынға бәс тіккен 15 шенеунік “жылы орнынан“ айырылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу