Шымкентте құмар ойынға бәс тіккен 15 шенеунік “жылы орнынан“ айырылды
Шымкентте құмар ойынға бәс тіккен 15 мемлекеттік қызметкер жазаланды. Олардың кейбірінің қызметі төмендесе, бірқатары жұмыстан қуылған. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Қанат Қадырбеков баспасөз мәслихатында хабарлады.

Шенеуніктер түрлі ойынға ақша тіккен, лудомандар арасында құқық қорғау органдарының қызметкерлері де бар.
Айта кетейік, былтыр прокуратура Шымкентте құмар ойынға әуес болған 50 лауазымды тұлғаны анықтаған. Олар небәрі бір жыл ішінде букмекерлік кеңсеге 400 миллион теңге ұтылған.
"Олардың барлығына заңнама аясында тиісті шара қабылданды", - деді Қанат Қадырбеков.


