Ержан Жиенбаев Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды
3 маусымда Ержан Жиенбаев жаңа қызметке тағайындалып, Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары болды. Ауыс-түйіс туралы Ақорда жазды.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Жиенбаев Ержан Нұрланұлы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылды", – делінген хабарламада.
Ержан Жиенбаев 1981 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
2002 жылы "Тұран" университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған, ал 2018 жылы РАНХиГС-те "Executive MBA" бағдарламасы бойынша білім алған.
2002-2005 жылдары Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінде қызмет атқарған.
2005-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің құрылымында жұмыс істеген. Ол аға сарапшы, бас сарапшы, бас кеңесші, сектор меңгерушісі, сондай-ақ Премьер-Министр Кеңсесі Заң бөлімінің меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарған.
2012-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің заңнама, қорғаныс және құқық тәртібі бөлімінің меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарған.
2013 жылдан 2019 жылдың шілдесіне дейін Премьер-Министр Кеңсесінің Заң бөлімінің меңгерушісі болды.
2019 жылдың шілдесінен қазанына дейін Премьер-Министр Кеңсесі басшысының орынбасары қызметін атқарды.
2019 жылдың қазанынан 2023 жылдың қыркүйегіне дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары болды.
2023 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды.
"Құрмет" орденімен (2016), "Парасат" орденімен (2021), Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысы (2020), Президенттің Құрмет грамотасымен (2021) марапатталған; 7 мерейтойлық медаль иегері.


