Зағип жандармен кездесу өтті

Бүгін Қазығұрт ауданындағы Қазақ зағиптар қоғамы қоғамдық бірлестігінде “Ауыл” партиясының атынан сайланған Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, фракция жетекшісі, “Мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қорғау жөніндегі” комиссия төрағасы Салыбек Қайрат Келесұлы Түркістан облыстық филиалының Қазығұрт аудандық бастауыш ұйымының төрағасы Дандибаев Сакен Баликбаевич және зағип жандармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында қатысушылар тарапынан түрлі сауалдар қойылып, ашық пікір алмасу өтті. Көтерілген мәселелерге заң аясында нақты жауаптар беріліп, өзара жақсы диалог қалыптасты. Кездесу соңында қатысушылар ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.
Осындай кездесулер қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылап, азаматтардың үнін естуге үлкен мүмкіндік береді.


