“ANA FEST” — аналарға арналған мерекелік фестиваль
Сайрам ауданы Отбасын қолдау орталығы мен «Ауыл» партиясының бірлескен ұйымдастыруымен тағылымы мен тәрбиесі мол “ANA FEST” фестивалі өтті.
Фестивальдің негізгі мақсаты — отбасы институтын нығайту, ана мәртебесін арттыру және аналардың рухани әрі тұлғалық дамуына қолдау көрсету.
Іс-шараны “Ауыл” партиясының Сайрам ауданы бойынша аумақтық ұйымының төрағасы Жайлаубеков Есіркеп Оразбекұлы мен партия белсендісі Тіналиева Гүлзира Отбасын қолдау орталығымен бірлесе ұйымдастырды.
Фестивальге ауданымыздан 6 отбасы қатысып, күнделікті қарбаластан бір сәт тынығып, ерекше әсерге толы күн өткізді. Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, пайдалы кеңестер алып, жылы қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік алды.
Іс-шара барысында:
▪️ «Әжелер алқасының» ақжарма тілектері айтылды;
▪️ Отбасылық дәрігерлер мен психолог мамандардың пайдалы кеңестері ұсынылды;
▪️ Ана мен бала арасында көңілді сайыстар ұйымдастырылды;
▪️ Аудан өнерпаздарының әсем әндері кештің көркін қыздырды.
Табиғат аясында еркін форматта өткен кездесу қатысушыларға ерекше жылулық пен көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Фестиваль соңында “Ауыл” партиясының 25 жылдық мерекелік төсбелгісі аналарға табысталып, арнайы марапаттар ұсынылды.
Осындай тағылымы мол іс-шаралар отбасы құндылықтарын дәріптеп, аналардың қоғамдағы рөлін арттыруға үлкен үлес қосары


