Бірінші байлық - Денсаулық!

Oinet.kz 01-06-2026

Screenshot_38.jpg

Мақтаарал ауданы, Бірлік ауылдық округіне қарасты Алғабас ауылында “Ауыл” партиясының Мақтаарал ауданы бойынша аумақтық ұйымының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Бексұлтан Абзал Ермаханұлы, аудан әкімінің орынбасары Нұрбол Саттаров, ауыл әкімі Сәкен Кенжеев және ауыл биі Ельшиев Асқар ауыл тұрғындарымен кездесіп, жаңадан салынатын дәрігерлік медициналық амбулаторияға байланысты маңызды мәселелерді талқылады.

Кездесу барысында ауыл азаматтарының ұсыныс-пікірлері ескеріліп, ортақ келісімге қол жеткізілді. Нәтижесінде, медициналық амбулаторияны ауылдан алыс жерге емес, елді мекеннің ішінен орналастыру мәселесі халықпен кеңесе отырып талқыланып, өз шешімін тапты.

Осы бағытта бүгінге дейін бірқатар жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, жер учаскесі анықталып, мердігер мекемемен кездесулер өткізілді. Сонымен қатар, аудан басшысының тапсырмасы ауыл тұрғындарына жеткізілді.

Кездесу соңында медпункттің ауыл орталығынан салынатыны туралы хабар ауыл тұрғындарының қуанышын тудырып, азаматтар ризашылықтарын білдірді.

Өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды
“ANA FEST” — аналарға арналған мерекелік фестиваль
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу