Өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды

Бүгін Сайрам ауданында “Ауыл” партиясының Түркістан облысы бойынша өңірлік филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Қалмұратов Төрегелді Оразалыұлы, Түркістан облысы бойынша “Банк ЦентрКредит” директоры Оңалбеков Абзал Қожахметұлы, директор орынбасарлары мен қаржы бөлімі өкілдерінің қатысуымен “Capable Group” ЖШС және “Завод автотехнология” зауыты арасында өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылып, ашық жиын өтті.
Кездесу барысында өндіріс саласын дамыту, жаңа жобаларды жүзеге асыру және кәсіпорындарға қаржылай қолдау көрсету мәселелері талқыланды. Тараптар алдағы уақытта екіжақты тиімді серіктестік орнатып, нақты қолдау көрсетілетінін атап өтті.
Аталған бастама өңірдегі өндіріс пен кәсіпкерліктің дамуына серпін беріп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады деп күтілуде.


