"Ерсұлтан-Агро" ЖШС базасында ауқымды тәжірибелік жұмыстардан өтті

Бүгін “Ерсұлтан-Агро” ЖШС мен №19 колледжі арасындағы жасалған меморандум аясында агрохимия факультетінің жастар жасақтары “Ерсұлтан-Агро” ЖШС базасында ауқымды тәжірибелік жұмыстардан өтті.
Практикалық сабақ барысында егістік алқаптарына минералды тыңайтқыштар енгізу, зиянкестер мен түрлі ауруларға қарсы қолданылатын препараттарды пайдалану жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, осы жылы құрылған дәнекерлеушілер жасағы мен механизаторлар жасағы өз мамандықтары бойынша тәжірибелерін шыңдап, өндірістік жұмыстарға белсене қатысты.
Аталған іс-шараға “Ауыл” партиясының Бәйдібек ауданы бойынша аумақтық ұйымының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Мырзабеков Ерболат Қалдарұлы қатысып, жастарға сәттілік тілеп, ауыл шаруашылығы саласындағы тәжірибенің маңыздылығына тоқталды.
Мұндай тәжірибелік жұмыстар – жас мамандардың кәсіби біліктілігін арттырып, ауыл шаруашылығы саласына бейімделуіне үлкен мүмкіндік береді.


