«Кітап – руханият өзегі» атты акция өтті

Oinet.kz 01-06-2026

Screenshot_45.jpg

Бүгін "Ауыл" партиясының Түркістан облысы бойынша өңірлік филиал төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Қалмұратов Төрегелді Оразалыұлы Абай атындағы №18 кітапханада болып, партияның «Кітап – руханият өзегі» атты акциясы аясында кітапхана қорына 644 дана түрлі жанрдағы кітаптарды табыстады.

Аталған игі шараның басты мақсаты – кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, жастардың рухани дамуына қолдау көрсету және кітапхана қорын жаңа әдебиеттермен толықтыру. Акция аясында ұсынылған кітаптар қатарында көркем әдебиет, тарихи танымдық еңбектер, балалар әдебиеті мен түрлі бағыттағы шығармалар қамтылды.

Шара барысында кітаптың қоғамдағы орны мен рухани құндылығы туралы айтылып, жастарды кітап оқуға баулу – маңызды міндеттердің бірі екені атап өтілді. Өз кезегінде кітапхана ұжымы көрсетілген қолдау үшін алғыстарын білдіріп, бұл бастама оқырмандар үшін үлкен сый болғанын жеткізді.

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: САРЫАҒАШТА АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ӨТІП, КОММУНАЛДЫҚ САЛАҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ
Ауыл партиясының 25 жылдық мерекелік медалімен марапатталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу