Сот Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновтің ісі бойынша шешім шығарды

Oinet.kz 09-07-2026

Бокстан 2016 жылғы Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновке қатысты үш бірдей жол-көлік оқиғасы бойынша сот шешімі шықты. Боксшы 20 тәулікке қамауға алынып, жүргізуші куәлігінен айырылды.

Screenshot_4.jpgАстана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Данияр Елеусіновке қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралған (ӘҚБтК-нің 608-бабының 3-бөлігі).

Сотта анықталғандай, спортшы алкогольдік масаң күйде көлік тізгіндеп, Астана көшелерінде үш жол-көлік оқиғасын жасаған.

Жол жүрісі қағидаларының талаптарын бұзу салдарынан жүргізуші:

жерасты автотұрағы қақпасының тірегіне соқтығысқан;

басқа автокөлікпен соқтығысып, инерцияның әсерінен тағы бір автокөлікке соғылған;

кейіннен Kia Sportage автокөлігімен соқтығысып, соққының әсерінен аталған автокөлік Toyota Hilux автокөлігіне соғылған.

Жол-көлік оқиғаларының салдарынан көлік құралдарына механикалық зақым және материалдық шығын келген.

"Құқық бұзушының кінәсі іс материалдарымен, оның ішінде медициналық куәландыру қорытындысымен дәлелденді. Аталған қорытындыға сәйкес Е.-де алкогольдік масаңдықтың жеңіл дәрежесі анықталған. Сонымен қатар кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалармен, жол-көлік оқиғаларының сызбаларымен, бейнежазбалармен, оқиғаға қатысушылардың түсініктемелерімен және сотта зерттелген өзге де дәлелдемелермен расталды", - делінген хабарламада.

ӘҚБтК-нің 608-бабының 3-бөлігі бойынша санкция 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алуды және 7 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыруды көздейді.

"Сот отырысында Е. өз кінәсін толық мойындады. Сот ӘҚБтК-нің 50-бабының 2-бөлігінде көзделген әкімшілік қамақты қолдануға кедергі келтіретін мән-жайларды анықтаған жоқ", - делінген хабарламада.

ӘҚБтК-нің 608-бабы 3-бөлігінің санкциясы баламасыз болғандықтан, сот Елеусіновке 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу және 7 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жаза тағайындаған.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Прокурор Сұлтан Сәрсемәлиевке өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұрады
Шетелде жұмыс істемек болған 150-ге жуық студент сан соғып қалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу