Бишімбаев ісі арқылы көпшілікке танылған Айжан Аймағанова прокуратурадағы қызметінен кетті

Oinet.kz 11-07-2026

Айжан Аймағанова прокуратурадан кетті. Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жариялады.

Screenshot_2.jpg

Айжан Аймағанова бұл туралы стористе бөлісті. Аймағанованың есімі партиялардың бірінен депутаттыққа кандидаттар тізімінде пайда болды.

"Кейінгі күндері әлеуметтік желілерде менің партия атынан депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылғаным туралы ақпарат қызу талқыланып жатыр. Бұл жағдайға жеке өзім пікір білдіруді жөн көрдім. Көп жыл бойы прокуратура органдарында қызмет еттім. Мен үшін бұл әрқашан заңға, мемлекетке қызмет ету және азаматтардың құқықтарын қорғау болды. Кандидат болып ұсынылуыма байланысты прокуратурадан жұмыстан шықтым. Бұл – заң талабы, мен оны толық орындадым", - деп жазды ол.

Сонымен қатар, ол бұл шешімді саналы түрде қабылдағанын айтып, қолдау көрсеткендер мен жағдайға бейжай қарамағандарға алғысын білдірді.

"Кәсіби тәжірибем мен білімім заң шығару қызметінде, сондай-ақ, азаматтарымызды мазалайтын мәселелерді шешуде пайдалы болатынына сенімдімін. Баршаңызға қолдауларыңыз, сұрақтарыңыз бен назар аударғандарыңыз үшін алғыс айтамын. Мен үшін бұл маңызды. Алда атқарылатын жұмыс көп, мен ашық диалогқа дайынмын", - деп түйіндеді ол.

Еске салайық, 2024 жылғы мамырда Tengrinews.kz редакциясы Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот ісінен кейін қазақстандықтарға танымал болған Айжан Аймағановамен сұхбаттасқан болатын. Ол өзінің балалық шағы, мансап жолы және даулы процесс туралы айтып берген еді.

Экс-шенеунік Ерлан Қожағапанов бостандыққа шықты
Әйелін ұрып-соққан боксшы Теміртас Жүсіпов үндеу жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу