"Борат" образын қолданған танымал брендтің басшысы кешірім сұрады

Oinet.kz 09-08-2026

Қазақстандық Shoqansuits ерлер киімі брендінің басшысы, кәсіпкер Ұлықбек Шәріпов роликте “Борат” образын қайталанғаны үшін қазақстандықтардан кешірім сұрады. 

Screenshot_6.jpg

Кәсіпкер не себепті ұзақ уақыт үнсіздік сақтап, халық алдына енді шығуының себебін түсіндірді.

“Мен – қазақтың қара домалақ, Ошақтының баласымын, Тараз қаласының тумасымын, “Shoqan” брендінің негізін қалаушымын. Менің хабарсыз кеткенім – барлығының тынышталғанын күттім. Ең алдымен, біздің брендтің атынан шыққан ролик үшін кешірім сұраймын. Бұл қателік үшін толық жауапкершілікті өз мойныма аламын”, – деді Ұлықбек Шәріпов.

Брендтің негізін қалаушы кәсіпкер мұндай жағдайға алғаш рет болып тұрғанын, қазақ халқына құрметсіздік көрсетіп, намысына тию ойында болмады деп ақталды.

“Басында не істерімді білмедім. Сондықтан алғашқы әрекеттерім дұрыс болмады. Қателігімді түсіндім. Мен ешқашан қазақ халқына, мемлекеттік тілге, мәдениетімізге немесе елімізге құрметсіздік көрсету деген ойым болған емес. Бірақ бұл видео көп адамның көңіліне тигені үшін кешірім сұраймыз. Енді мұндай жағдай қайталанбайды. Балаларыңызды кешіріп қойыңыздар”, – деді ол.


«Абай мұрасы – ұлт қазынасы» атты Шымкент қаласының чемпионаты өтті
Марқұм Арман Дүйсеновтің ұлының өліміне қатысты тың мәлімет пайда болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу