Халықтың мәселесін әлеуметтік желідегі тікелей эфирде шешпек

 "Nur Otan" партиясы Түркістан облыстық филиалы "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру жобасымен таныстырды. Алдағы уақытта халықтың өтініш-тілектері жоспар бойынша екі бағытта жүргізіледі.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев  ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауына байланысты актив отырысын өткізді. ҚР Президентінің Жолдауында айқындалған бағыттар еліміздің экономикалық өсімін жеделдетіп, халықтың әл-ауқатын жақсартуда маңызды рөл атқаратынына тоқталды.

Жалпы, жыл басынан бері "Nur Otan" партиясы Түркістан облыстық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесіне 5204 арыз-шағым түскен. Оның 2747-сі оңтайлы шешіліп, 2289 өтінішке заң аясында кеңестер берілген. 168 өтініш бүгінде қаралу үстінде.

- Бүгінде облыста әлеуметтік жағдайдың төмендігі, тұрғын үй және жұмысқа орналасу мәселелері өте өзекті. Партия филиалы бірінші кезекте осы бағыттағы проблемаларды жүйелі түрде шешу үшін жергілікті әкімдіктермен, тиісті басқармалармен жоспар түзіп, жүргізетін болады. Президенттің Жолдауда айтқан барлық елдің өтініш-тілектерін тиімді қарастыратын "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру үшін екі бағытта жұмыс жүргіземіз, - деп атап өтті "Nur Otan" партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев

Түркістан облысы бойынша Президенттің Жолдауда айтқан халықтың өтініш-тілектерін тиімді қарастыратын тұжырымдаманы іске асыру екі бағытта жүргізілмек. Ең алдымен, партия филиалының Қоғамдық қабылдау кеңсесі Түркістан қаласындағы халық ең жиі шоғырланған Алматы арбатындағы ғимаратта "Open space" форматына көшсе, екіншіден барлық лауазым иелерінің қабылдауларын әлеуметтік желілерде тікелей эфир арқылы жүргізу қолға алынбақ.

Сондай-ақ, актив жиналысында партия филиалы Жолдауды халыққа тиімді етіп насихаттау үшін ескі форматтағы көптеген жиналыстарды тоқтатып, елдегі шешімін таппаған мәселелерге жауапты өкілдерді алып, елдің ортасына шығуды ұсынды. Атап айтқанда, кәсіпорын ауласында, базарларда, алаңдарда, саябақтарда, егістік алқаптарында, фермаларда ашық аспан аясында галстуксыз кездесулер өткізу қажет. Ал тұрғындар сала мамандарына тікелей сауал қойып, жауабын алу керек.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан: Мемлекеттік мекемелерде адалдық құндылығы насихатталды
  • Елжан Біртанов екпе алмаған бүлдіршіндерді балабақшаға қабылдауға тыйым салуды ұсынды
  • Ресейде іздеу жариялаған қылмыскер Ақмола облысынан ұсталды
  • Конор келесі жекпе-жекті кіммен өткізетінін айтты
  • Жетімдерге жеңілдік қарастырылуда
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика