Отандық журналистерге кімдер қысым көрсетіп жүр?

Oinet.kz 06-09-2019 910

image.png

Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысы өтіп жатыр. Жиында адвокат Айман Омарова баяндама жасады. Ол өз сөзінде «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы», «Босқындар туралы», «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңдарға өзгерістер енгізу керек екенін айтты, деп хабарлайды oinet.kz тілшісі baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, адвокаттар көмектерін ешкімнен қорықпай көрсетуі керек. Ал журналистер ешбір қысымсыз жұмыс атқаруы қажет.

«Мысалы, қазір менде 13 журналист бар. Мен олардың құқығын қорғап жүрмін. Сенесіздер ме? Журналистерді қорқытқан, ұрған, тепкен, балағаттаған. Көбінесе полиция қызметкерлері істеген. Бұндай болмау керек. Ол біздің имиджімізге қатты тиеді», - деді Айман Омарова.

Құқық қорғаушы елімізде түрме реформасы қажет екенін де айтты.

Бұған дейін Президент жанындағы Ұлттық кеңестің алғашқы отырысы басталғаны жайлы хабарлаған болатынбыз. Сондай-ақ, Тоқаев «Жолдауда айтылған бастамаларды Ұлттық кеңес аясында қарастыру қажет», «Отандастырамыз өз пікірлерін ашық айта бастады», «Масылдыққа жол берілмейді» деген еді.

6,6 млн қазақстандықтың зейнетақы қорына жинағаны 1 млн теңгеге де жетпейді
Жігітіне 6 несие әперген бойжеткен қарызға белшеден батты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу